387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда пара алды деген күдікпен ұсталған шенеунік қамауға алынды

  • 499
  • UPD: 23:40, 07.06.2019

Павлодарда 3 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған шенеунік екі айға қамалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық тергеу сотының қаулысымен осындай бұлтартпау шарасы қабылданды.

Еске салайық, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашевқа өңірдің медициналық мекемелері үшін дезинфекция құралдары бойынша жүргізілген мемлекеттік сатып алу барысында жекеменшік компания басшысынан пара алды деген айып тағылып отыр. Сот отырысы барысында күдікті кінәсін толық мойындап, өкінетінін жеткізді. Күдікті жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 56 жастағы азаматтың мемлекеттік мекемеге жетекшілік еткеніне екі жыл болған. Бұған дейін аймақаралық кардиохирургиялық орталықтың директоры қызметін атқарған.

Балтабай Дүнбекбаев, қалалық тергеу сотының судьясы:

- Сот аса маңызды істер жөніндегі тергеушінің өтінішін қанағаттандырды. Осылайша күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамаққа алу жөнінде қаулы шығарды. Қамаққа алу мерзімі ұсталған уақыттан, яғни маусымның бесінен бастап есептеледі.

Хабар 24 телеарнасы