389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында майлы дақылдар үлесі артты

  • 302
  • UPD: 23:22, 07.06.2019
Қостанай облысында майлы дақылдар үлесі артты

Қостанайлық диқандар 5 млн 300 мың гектар алқапқа дәнді-дақыл тұқымдарын септі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әртараптандырудың арқасында алқаптағы майлы дақылдар үлесі 10 процентке жетті. Егілген картоп, көкөніс көлемі де артқан. Жиырма күнге созылған көктемгі дала науқанында облыс тұқым қоры және минералды тыңайтқыштардан тапшылық көрген жоқ.

Нұрсұлтан Қабделов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдау үшін 36,6 млрд теңге бюджеттік субсидия бөлінген. Мысалы, минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға 2 млрд 487 млн теңге және гербицидтерді субсидиялауға 74 млрд 898 млн теңге бөлінген.

Хабар 24 телеарнасы