384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да кене энцефалиті тіркелді

  • 530
  • UPD: 23:22, 07.06.2019
ШҚО-да кене энцефалиті тіркелді

Шығыс Қазақстанда 5 адам кене шағып, энцефалит жұқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың үшеуі Қатонқарағай, қалған екеуі Алтай ауданы мен Өскемен қаласының тұрғындары. Барлығы да 14  жасқа дейінгі балалар. Ешқайсысы жәндік шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбеген. Сондықтан жұқпалы дерт біраз асқынып кеткен. Дәтке қуат болары, тиісті ем-дом қабылдаған соң жағдайлары біршама түзеліп қалды. Жалпы, былтырғымен салыстырғанда кене шаққандар саны сәл де болса көбейген. «Оған күннің қоңыр салқын болуы себеп», – дейді мамандар. Биыл эпидемиологиялық маусым басталғалы 2 мыңнан астам адамды кене шаққан екен. Оның басым көпшілігі балалар.

Әлия Оспанова, облыстық  қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

- Олардың 94  пайызына кене энцефалиті вирусына қарсы иммуноглобалин салынды, яғни бұл адамдар кене энцефалитімен ауырмайды деген сөз, олар осы жұқпалы аурудан сақтандырылды.

Хабар 24 телеарнасы