384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай балалар киносының орталығына айналды

  • 108
Қостанай балалар киносының орталығына айналды

Қостанай екі күнге балалар киносының орталығына айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір онда «Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты республикалық фестиваль өтіп жатыр. Еліміздің әр өңірінен келген 135 бала түрлі жанрдағы қысқаметражды кино туындыларын байқауға ұсынған. Бейнематериалдар әлеуметтік жарнама, анимация, видео-арт, музыкалық клип сияқты 9 аталым бойынша сараланады. Жеңімпаздар арнайы дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ фестивалге қатысушылар кино өнерінің кәсіби мамандарымен кездесіп, шеберлік сабақтарын алу мүмкіндігіне ие.

Әсемгүл Нұрланова, республикалық қосымша білім беру, оқу-әдістемелік орталығының сарапшысы:

– Негізгі мақсат – балалардың шығармашылық деңгейін, олардың ой-пікірлерін, ой ұшқырлық денгейін анықтау. Бұл жерде балалар өздерінің еліндегі, жергілікті жерлеріндегі әртүрлі мәселелерді кино арқылы, номинациялар арқылы жеткізе алады.

Хабар 24 телеарнасы