389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жедел жәрдем көлігінің қатысуымен 5 жол апаты тіркелген

  • 345
  • UPD: 07:54, 08.06.2019
Семейде жедел жәрдем көлігінің қатысуымен 5 жол апаты тіркелген

Семейде жыл басынан бері жедел жәрдем көлігінің қатысуымен 5 жол апаты тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әдетте адам өмірін арашалап қалу үшін оқиға орнына ең алғаш болып асығатын қызмет мамандарының өздеріне де қауіп төнетін кез аз емес. Сондықтан ақ халаттылар кәсіби мерекелері қарсаңында жол-патрульдік полициясымен бірігіп «Қауіпсіз жол» акциясын өткізді. Мақсат – тұрғындар үшін қарапайым жол ережелері мен алғашқы медициналық жәрдемнің қағидаларын түсіндіру. Алдымен көшелерде жүргізілген ақпараттық-насихат жұмыстары сауда үйлерінде жалғасын тапты. Парақшалар таратылып, жарақат алған жандарға іс жүзінде қалай көмекті беру керектігі көрсетілді.

Армангүл Смағұлова, қалалық жедел медициналық жәрдем стансасының бөлім меңгерушісі:

– Өкінішке қарай жедел жәрдем көліктеріне тек жүргізушілер емес, көшедегі қиылыстарда жаяу жүргіншілер де жол бермейтін кездер жиі орын алады. Ал жол апаттары кезінде көбінесе қол, аяқтың сынуы, омыртқаның зақымдалуы сияқты аралас жарақаттар жиі тіркеледі. Сондықтан біз халыққа осындай кезде қандай көмек жасалуы тиіс соны көрсеттік.

Хабар 24 телеарнасы