389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарқаралыда түлектер жерлестеріне балалар ойын алаңын тарту етті

  • 274
Қарқаралыда түлектер жерлестеріне балалар ойын алаңын тарту етті

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Ақжол ауылынан түлеп ұшқан жастар бірігіп, балаларға ойын алаңын тарту етті.

Сауапты істен қалаға көшіп кеткен азаматтардың ешқайсысы да қалыс қалмапты. Биыл бұл елді мекенде жастар жылына орай бірқатар игі істер атқарылып жатыр. Әр жылы мектеп бітірген жастар асарлатып мешітке көмек беріп, ауыл ішін абаттандыруға кіріскен. Алдағы уақытта мұнда жастар көңіл көтеретін алаң салынбақ. Ақжол ауылында Кеңес одағының батырлары Мартбек Мамыраев, Петр Теряев, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, еңбек ері Нұрбақыт Қабдыкәрімова, әйгілі өнер иелері Қалибек Қуанышбаев, Рақия Қойшыбаевалар дүниеге келген. Осындай танымал тұлғалар шыққан ауылдың атына сай болу, әрі қарай гүлдендіру міндетіміз, дейді жастар.

Ринат Шаймұхаметов, ауыл тұрғыны:

– Барлығымыз жиналып, биыл, «Жастар жылында» балалар алаңын аштық. Әлі алға қойған мақсаттарымыз бар. Ақжол деген кіреберіске арка қойғымыз келеді. «Жастар алаңын» ашамыз деп отырмыз. Биылғы жылдың жоспарында бар барлығы.

Хабар 24 телеарнасы