384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Омбылық тұрғын қазақ балаларын домбыра тартуға баулып жүр

  • 87
  • UPD: 09:13, 08.06.2019

Қазір оның үйірмесіне 30-дан астам жас өрен қатысып, ұлттық аспаптың құлағында ойнайды. Қос ішекті басуға орыстар да құмар.

Бұл ғимараттың ішінде аптасына 2 күн қазақтың күйі төгіліп, халық әндері шырқалады. Алма Мұсайбекова балалардың қолына домбыра ұстатып, оларды ұлттық өнерге баулып жүрген жан.

Алма Мұсайбекова, музыкалық студияның көркемдік жетекшісі:

– Басында 3-4 бала ғана болды. Қазір 30 бала. Домбыраны жақсы көреді.

Бұл музыкалық студияның құрылғанына биыл 5 жыл болады. Ғабдолла Жұсалин үйірмеге Мұрат, Аделя есімді немерелерін алып келді. Қазір олар домбырада ойнап аталарының көз қуанышына айналып отыр.  

Ғабдолла Жұсалин, Омбы қаласының тұрғыны:

– 7 домбыра бар. Қазір үйде бесеуі тұр. Балалар ойнайды. Биыл тағы алып бер деп жатыр.

Домбыраға орыс балалары да құмар. Кішкентай Соня аспаппен енді танысып жатыр. Ол да қазақтың күйін тартып, әнін салғысы келеді.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы