378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұзда кәсіпкерлердің қолына өткен балабақша ғимараттары мемлекетке қайтарылуда

  • 79
  • UPD: 22:59, 09.06.2019
Екібастұзда кәсіпкерлердің қолына өткен балабақша ғимараттары мемлекетке қайтарылуда

Екібастұз қаласында бір кездері жеке кәсіпкерлердің қолына өтіп кеткен балабақша ғимараттары мемлекетке қайтарылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеншілер шаһарында қазір 4 балабақша бос тұр. Ал жөндеуден өткен бір мектепке дейінгі мекеме халық игілігіне берілді. 150 орынға шақталған бөбекжайды қалпына келтіруге қазынадан 318 миллион теңге қаржы бөлініпті.

Бұл ғимараттың іргесі өткен ғасырдың сексенінші жылдары қаланған екен. Кәсіпкерлер ұзақ жылдар бойы басқа мақсатта пайдаланып келген. Биыл міне қала қала әкімдігінің құзырына өтті. Таза мемлекеттік тілде тәрбие беретін балабақшаның бағдарламасы да ерекше. Бұл кеншілер қаласында бүлдіршіндерді ерте бастан зияткерлікке баулитын алғашқы бөбекжай болмақ.

Самал Керімқұлова, №27 балабақшаның тәрбиешісі:

– Жаңаша бағытта көптеген леготехнология қолданылады. Роботизация бағытында жұмыс жасаймыз. Барлығы жақсы.

Екібастұзда 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндер балабақшамен мекемемен толық қамтылған. Ал 2 мен 3 жас аралығындағы балалар үшін кезек бар. Оның үстіне өңірге Нұр-Сұлтан қаласынан көп балалы отбасылары қоныс аударып жатыр.

Інжу Кумашева, №27 балабақша меңгерушісінің м. а

– «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы бойынша біздің Екібастұзға көптеген отбасы көшіп келіп, баспаналы болып жатыр. Бұл үрдіске біз де қатысып жатырмыз. Біздің балабақшаға 14 отбасынан 20 бала келеді. Олар жас ерекшеліктеріне қарай 2 ден 5 жасқа дейінгі балалар. Бүгінгі таңда барлығының құжаттары қабылданды.

Мұнда бүлдіршіндердің ой-өрісін жетілдіруге қажетті жағдайлардың барлығы жасалған. Жайлы да жарық бөлмелер, музыкалық зал. Облыс бойынша ең үздік зияткерлік орталықтың бағдарламасы арнайы таңдалған. 

Ұзақ жылдардан кейін жұмысы қайта жанданған мектепке дейінгі мекемеде 43 жаңа жұмыс орны ашылған. Айте кету керек, кәсіпкерлер осы тектес 4 балабақша ғимаратын мемлекетке тегін қайтарыпты. Қазір оларды қалпына келтіру жағы сөз болып жатыр. Егер қаржы мәселесі оң шешімін тапса, Екібастұзда бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайды.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омпельницкий

Хабар 24 телеарнасы