389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық белсенді жастар қараусыз қалған әлеуметтік жобаларды аяқтап жатыр

  • 173
  • UPD: 22:59, 09.06.2019
Маңғыстаулық белсенді жастар қараусыз қалған әлеуметтік жобаларды аяқтап жатыр

Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының белсенді жастары бес игі бастаманы қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар кезінде құрылысы басталып, кейін қараусыз қалған әлеуметтік жобаларды аяқтап жатыр. Осы мақсатқа жер қойнауын пайдаланушы компания бөлетін қаржылай гранттарды жеңіп алған. Әр жобаға екі млн-ға жуық теңге жұмсалады. Мәселен, шағын аллея ішіндегі субұрқақ жөнделгеннен кейін қоғамдық орынға қайың көшеттері егіледі. Мұндағы тазалық, өскіндерді күтіп-баптау жұмыстарын жастардың өздері атқарады. Сондай-ақ көп жыл күтім көрмей тозығы жеткен үш бірдей балалар және спорт алаңдары биыл қалпына келтіріледі. Бастамашыл жас буын жасыл желек аясындағы демалыс орны мен Баутино елді мекенінде ана мен бала кабинетін ашуды да жоспарлап қойған.

Наурызбек Мағдатов, «Түпқараған жастары» ҚБ төрағасы:

– Бізге берілген нысандардың барлығы осыдан 5-10 жыл жасалып, халық игілігіне берілген. Содан кейін мемлекет балансында болса да, бірақ бюджеттен қаржы қаралмаған. Объектілер арнайы таңдалып алынып, біз осыған жоба жазғанбыз. Өз құзыреттілік шегінде осы жобаны жасаған жастар өз қарамағына алып, қарайтын болады. Яғни, бұл жерге өзіміз жауапты боламыз. Жаздық, күздік және маусымдық кезде сенбіліктерді жүргіземіз. Және қажет болған жағдайда сырлау-әктеу жұмыстарын жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы