384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириядан елге жеткізілген келіншектер томаға-тұйық болып қалған – Сарапшы

  • 580
  • UPD: 17:29, 08.06.2019

«Жусан» гуманитарлық операциясы аясында 357 бала Сириядан эвакуацияланып Қазақстанға жеткізілді.

Бүлдіршіндердің 27-сі ата-анасынан айырылған. Гуманитарлық операцияның үшінші кезеңі 28-31 мамыр аралығында жүзеге асты. Оны еліміздің ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік органдары халықаралық әріптестерімен бірлесіп атқарды. Бүгінге дейін соғыс оты шарпыған Сирия жерінен жалпы саны 524 қазақстандық шығарылған. Оның 30-ы ер азамат, 137-сі әйел. Барлығы арнайы бейімдеу орталықтарына орналастырылды. Қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Айта кетейік, «Жусан» операциясының алғашқы кезеңі жыл басында, ал екіншісі мамыр айының алғашқы күндері орындалған.

Гүлназ Раздықова, Павлодар қаласы дінаралық қатынастар және сараптама орталығының директоры:

- Бірнеше әйелді алып келді. Көбі тұйықталып қалған. Ондағы өмір туралы мүлде айтқылары келмейді. Өйткені азапты күндер кешкен. Соғыста жүріп жас келіншектер бауыр еті баласынан айырылған. Енді зардап шеккендерді Қазақстан қоғамына бейімдеу үшін арнайы бағдарлама жасалды. Сол бойынша жұмыс істей бастаймыз.

Хабар 24 телеарнасы