383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде алғаш болып сайлауға келгендерге арнайы сыйлық берілді

  • 128
  • UPD: 08:09, 09.06.2019

Шет елдерде де отандастарымыз дауыс беріп жатыр.

Сеулдегі Қазақстан Республикасының елшілігінде орналасқан №258 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де, ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сағат 4:00-де өз жұмысын бастап кетті. Кореядағы Қазақстан Республикасының елшісі алғаш болып сайлауға келгендерге арнайы ұлттық кәдесый сыйлады. Олардың ішінде алматылық Ким отбасы мен Конкук университетінде жұмыс істейтін отандасамыз, ғалым Герман Ким де бар.

Валерий Ким:Сеулде сайлау учаскесі ашылды

- Еліміздің болашағы мен үшін өте маңызды. Керемет көңіл-күймен өз таңдауымды жасадым. Қазақстандағы бейбіт өмір үшін сайлауға келдім. 

Герман Ким, ғалым:

- Бүгінгі саяси дода Корея үшін ғана емес, күллі әлем үшін маңызды. Өйткені бұл маңызды шешім қабылданып отырған ерекше күн. 

Хабар 24 телеарнасы