389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлауда дауыс беру тәртібі

  • 954
  • UPD: 10:36, 09.06.2019
<span class=favorites>Сайлауда дауыс беру тәртібі</span>

Әрбір сайлаушы сайлау учаскесіне бармас бұрын сайлаушы ретінде тіркеуде бар ма, жоқ па осыны анықтап алуы шарт, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына кіріп, өзіңіздің жеке сәйкестендіру номеріңізді тересіз, учаскенің нөмірін білген соң дауыс беруге жол тартасыз.

Өзге де өңір тұрғындары жергілікті әкімдіктерінің ресми сайтына өтіп, жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы сайлаушы ретінде қай учаскеге тіркелгенін нақтылап ала алады. Ал тұрғылықты мекенжайынан жырақ жүрген азаматтар сайлау учаскесіне жергілікті туысымен не танысымен бірге барып, соңғысының атынан өз кандидатына дауыс беруге құқылы.

Мұхтар Бейсенов, «Аманат» азаматтық платформасының үйлестірушісі:

- Ешкім сізді біреуге дауыс бер деп мәжбүрлей алмайды. Яғни бұл үшін тиісті жаза бар. Сайлау күні қандай құқықтары бар, бұл ең алдымен сағат таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін келу. Келген кезде сіз жеке құжатыңызды, паспортыңызды немесе әскери билетіңізді көрсетуге болады. Сол арқылы сіз тиісті бюллетеньді аласыз. Бюллетеньді алған кезде комиссия мүшесі сайлаушылар тізіміне сіздің аты-жөнініңіздің қасына өз қолын қояды.

Сондай-ақ сайлаушы кандидатына дауыс бермес бұрын бюллетеньде сайлау комиссиясы мүшелерінің қолы қойылғандығына көз жеткізіп алуы шарт. Кері жағдайда берген даусыңыз жарамсыз болуы мүмкін. «Аманат» үкіметтік емес ұйымының міндетіне осы іспетті жағдайлардың алдын алу жұмыстары кіреді. Халықаралық пен жергілікті байқаушылар және топ үйлестірушілері бас шаһардағы барлық сайлау учаскесін қамтып отыр.

Асылбек Әбдірашитов, «Аманат» азаматтық алаңы қалалық штабының басшысы:

- «Аманат» азаматтық платформасы тек республикалық деңгейде ғана қолданылады. Осы республиканың ішінде ғана. Яғни бұл шетелдің азаматтары, шетелдің студенттеріне немесе қоғамдық белсенділері қалып қалмайды. Сайлау учаскелерінде болатын құқық бұзушылықтар болса, яғни атап өткендей, бюллетеньге дұрыс саналмауы, таңертең қанша бюллетень келеді, сайлау аяқталған кезде қанша бюллетень болады, соның барлығын санақтап алады.

Осы күнге дейін азаматтарды сайлауға барып, дауыс беруге үндейтін бейнероликтер жарияланып келді. Ақпараттық парақшалар да таратылды.

Тіпті Шығыс Қазақстанда жергілікті белсенділер қала тұрғындарын сайлауға дрон арқылы шақырғаны тағы бар. Енді міне, бүгін сын сағаты туды. Әрбір азамат елінің жарқын болашағы үшін өз үлесін қосуға асық. Және бүгінгі сайлау да осыны айғақтайды деген үміт басым.

Айта кетейік, елордада 238 сайлау бөлімшелері жұмысын бастады. Жалпы, бас шаһарда 665 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ғани Алшынбаев, Аят Дүйсебаев

Хабар 24 телеарнасы