378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапониядағы сайлау учаскесінде 96 Қазақстан азаматы тіркелген

  • 193
  • UPD: 08:47, 09.06.2019

Жапонияда №261 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.

Сайлау комиссиясының мәліметінше, Күншығыс елінде 96 Қазақстан азаматы дауыс беретінін айтып тіркелген. Тағы айта кететін жайт, Жапонияда да еліміздің заңына сәйкес сайлау учаскесі жергілікті уақытпен кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ тізімдегі сайлаушылардың барлығы дауыс берсе, сайлау комиссиясы шараны кез келген уақытта ресми түрде аяқталғанын жариялай алады. Бұл тәртіп шетелдегі Қазақстан өкілдіктерінде ашылған учаскелерге ғана қатысты. Дауыс берушілердің алғашқы легі сайлау учаскесіне келіп үлгерді.

Ільяс Құрманғали, студент:

- Мен студентпін. Мен үшін бұл шетелдегі алғашқы сайлау. Жапонияда оқып жүргеніме бір жарым жыл болды. Бүгін сайлауға ертерек келіп, азаматтық ұстанымымды білдіргім келді. Әрбір қазақстандық өзі лайық деп санаған үміткер үшін дауыс беруі тиіс. Өйткені дауыс беру арқылы еліміздің болашағын айқындаймыз. Сондықтан азаматтық көзқарасымды білдіру маңызды деп білемін.

Хабар 24 телеарнасы