379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда дауыс беру барысын 200-ге жуық байқаушы қадағалайды

  • 181
  • UPD: 08:16, 09.06.2019
Алматыда дауыс беру барысын 200-ге жуық байқаушы қадағалайды

«Алматы қаласы да кезектен тыс сайлауға дайын», – дейді қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова.

Бүгін шаһарда 554 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру барысын 200-ге жуық байқаушы қадағалайды.

Кеше ғана қауіпсіздік шаралары тексеріліп, бюллетеньдерді алған сайлау учаскелері алғашқы электораттарын қабылдай бастады. Ал жалпы Алматы қаласы бойынша 1 млн-нан астам адам сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасауға құқылы.

Әбдіқаһар Сейітжанов, №259 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бүгінгі таңда сайлаушылардың тізімі толық анықталды. Сайлаушылардың бәріне осы сайлау туралы мағлұмат жеткізілді. Әрбір сайлаушымен тізімде олардың бар-жоғы  анықталып, мекенжайлары анықталып, ол кісілерге осы сайлауға арнайы шақыру берілді.

Бүгін Алматыда 554 сайлау учаскесі жұмыс істейді. «Ірі  мегополис болғандықтан, мұндағы сайлау учаскелерінің дені 3 мыңға дейін сайлаушыны қабылдауға дайын», – дейді қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова. 

Жанна Асанова, қалалық сайлау комиссиясының төрайымы:

- Сайлау учаскесінде негізінде өзінің арнайы сайлауға қолданылатын құралдарының өзінің бір тізімі бар. Бұлар – сайлау кабинасы, сайлау урнасы, арнайы учаскелік комиссиясының отыратын ыңғайлы үстелдері және де бақылаушыларға ыңғайлы болатын арнайы орын белгіленуі керек. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға жағдай жасалуы керек. Бұның барлығына қатысты күрделі жұмыс жүрді, сайлау науқаны алдында, сайлау науқаны кезінде бәрі қалыптасып, қазір бәрі де дұрыс жасалған.

Бүгінгі сайлаудың ашықтығын қадағалау үшін Алматыға 80-нен астам шетелдік байқаушы келген. Сондай-ақ 100-ден астам отандық байқаушы мен әрбір кандидаттың сенімді өкілдері де кез келген учаскеге барып дауыс беру барысын бақылай алады. Сайлау туралы заңның жаңа ережелеріне сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы кабиналар қойылып, әрбір сайлау учаскелеріндегі сайлау комиссияларының мүшелері 5-тен 11 адамға дейін артқанын айта кеткен жөн. 

Авторы: Алуа Маханбет, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы