389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін еліміздегі бірнеше қала тұрғындары қоғамдық көліктерде тегін жүре алады

  • 211
  • UPD: 08:42, 09.06.2019
Бүгін еліміздегі бірнеше қала тұрғындары қоғамдық көліктерде тегін жүре алады Казинформ

Ел өңірлері де саяси науқанға әзір. Дауыс беру науқанының ойдағыдай өтуі үшін қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, сайлаушылардың тізімдері де бекітілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде 10 мыңдай сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дені мегаполистерде орналасқан.

Ертіс өңірінің ауылдық аймақтары саяси науқанға әзір. Мәселен, облыстағы ірі ауданның бірі - Баянауыл өңірі сақадай сай. Бүгін 37 бөлімше жұмыс істейді. Науқан барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарттардың кедергісіз дауыс беруі үшін бар жағдай жасалған. Алғаш рет дауыс беретін жастарға сыйлық та бар.  Айта кетейік, облыс бойынша 551 мыңнан астам тұрғын таңдау жасайды деп күтілуде.

Талғат Қалышбеков, Баянауыл аудандық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Барлық учаскелер бүгінгі күнгі талапқа сай, стандарттарға сай жабдықталған. Өткен сайлауларда тәжірибе көрсеткендей, аудан тұрғындарының жалпы сайлауға деген, еліміздің болашағына деген өздерінің дауыс беруі арқылы ел болашағы, ел келешегін таңдаулары. Сондықтан ол кісілер сайлауға қатысып, өз дауыстарын береді деп күтеміз.

Ал Ақмола облысында 724 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Бөлімшедегі тәртіпті 50-ден астам шетелдік байқаушы қадағалайды. Мұндағы жауапты мамандардың айтуынша, өңірде 522 мыңнан астам адам дауыс беруі тиіс.

Манарбек Сәдуов, Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлауға тас-түйін дайынбыз. Облыстық сайлау комиссиясы мен Мемлекеттік басқару академиясының филиалы бірігіп, аймақтағы барлық қалалар мен аудандарда сайлау комиссияларының мүшелеріне сабақтар өткізді. Сайлаушыларға қолайлы жағдай жасалған.

Ал Семейде 240 мыңға жуық сайлаушының 18 мыңы бүгін алғаш рет дауыс береді. Шаһарда 149 сайлау бөлімшесі бар.

Айта кету керек, бүгін бірнеше қалада, оның ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары қоғамдық көліктерде тегін жүре алады.

Авторы: Айнұр Қуатқызы 

 

 

Хабар 24 телеарнасы