378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл Ахметбеков дауыс берді

  • 106
  • UPD: 12:03, 09.06.2019

Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткерлердің арасында Жамбыл Ахметбеков алғашқы болып дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан коммунистік xалық партиясының кандидаты елордадағы №113 сайлау учаскесінде азаматтық борышын орындап, өз таңдауын жасады. Жамбыл Ахметбеков сайлау учаскісіне дәстүрлі түрде отбасымен бірге келді. Саяси додаға екінші рет түсіп отырған үміткерді қолдауға 91 жастағы анасы арнайы келген.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Президенттігіне үміткер:

- Қазіргі кезде халықтың өзінің таңдауы болады. Осы уақыттың арасында талай атқарылған істер бар. Қазақстанның көркеюі, оның дамуы, экономика саласын алатын болса да, саясат жағын алса да және қазіргі жасалып жатқан әлеуметтік көзқарастың өзгеруі халықтың сайлауға келу беделіне әсер етіп отыр деп санауға болады.

Хабар 24 телеарнасы