378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында 889 сайлау учаскесі бар

  • 140
Түркістан облысында 889 сайлау учаскесі бар

Өскеменде сайлау учаскелері заң талаптарына сай таңғы 7-ден бастап іске кірісіп кетті.

Қазір қалада 120 бөлімше жұмыс істеп тұр. 244 мың 667 сайлаушы тіркелген екен. Ал жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1 мың 40 сайлау учаскесі бар. 1 миллионға жуық сайлаушы дауыс береді.

Ал Павлодар облысы бойынша дауыс беру 543 сайлау учаскесінде өтіп жатыр. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін барлық сайлау учаскелерінде арнайы кабиналар орнатылды. Мониторы бар компьютер, құлаққаптар, қосымша жарықтандыру құралдары, үлкейткіш әйнек қойылған бұрыш жасақталған.

Түркістан облысында 889 сайлау учаскесі бар. Кезектен тыс президент сайлауы науқанында онда 6 мың 240 сайлау комиссия мүшесі жұмыс атқаруда. Ал өңірде 1 миллион 181 мың 946 сайлаушы өз таңдауын жасайтын болады.  

Әлібек Өмірәлиев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлау процесі заңнамаға сай сағат 7:00-ден басталып кетті. Жалпы, биылғы жылы осы президент сайлауына облысымызда 1 миллион 181 мың 946 сайлаушы өздерінің сайлау құқықтарын орындап, дауыс беруге келеді деп жоспарлануда. Ал енді шетелдік байқаушылардан 62 байқаушы келіп тіркелді. Оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан 2 байқаушы ұзақ мерзімге келіп, 15 мамырдан бастап облыстарды аралап, сайлау учаскелерін байқап жүр. Ал енді кешегі күні 7 маусымда 16 қысқа мерзімді ЕҚЫҰ келіп, өздерінің жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі кезде олар барлық сайлау учаскелеріне келіп, жұмыстарын атқарып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы