389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде сарбаздар дауыс берді

  • 299
  • UPD: 09:24, 09.06.2019
Семейде сарбаздар дауыс берді

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери гарнизондардың сарбаздары өз таңдауларын жасап үлгерді.

Әскери бөлімшелердегі жабық сайлау учаскелері жұмысын таңғы сағат 06:00-де бастаса, әскерилер 2 сағат ішінде дауыс беріп болған. Барлығы 15 мың сарбаз сайлауға қатысқан. «Шығыс» әскери қолбасшылығының құрылғанына биыл 26 жыл толды. Әскерилер осы жылдар ішінде елдің тұрақтылығын сақтауға үлес қосып, шекараның тыныштығын күзетіп келеді. Таңдауын жасаған сарбаздар елдің жарқын болашағы мен бірлігі үшін дауыс бергендерін айтады.

Исмаил Муртазалиев, «Шығыс» әскери әқ семей гарнизонының сарбазы:

- Менің сайлауға қатысқан себебім, әр қазақстандықтың дауысы маңызды деп ойлаймын. Біз елдің болашағы үшін дауыс бердік. Мен өз таңдауымды жасадым.

Хабар 24 телеарнасы