389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТМД Парламентаралық ассамблеясы сайлауды бақылайды

  • 227
  • UPD: 09:29, 09.06.2019
ТМД Парламентаралық ассамблеясы сайлауды бақылайды

Еліміздегі президент сайлауын ТМД Парламентаралық ассамблеясы бақылайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған қауымдастық өкілдері таңғы 07:00-де Нұр-сұлтан қаласындағы сайлау учаскелерінің ашылуына қатысты. Олар елордадағы сайлау науқанынан бөлек, тағы үш аймақта бақылау жүргізеді. Жеті мемлекеттен келген байқаушылар Қазақстандағы сайлаудың басталуына күні бұрын келгенін айта кетейік.

ТМД Парламентаралық ассамблеясының өкілдері үгіт-насихаттың қалай жүріп жатқанын бақылап, жалпы электоралды кампанияның ұйымдастыру жұмыстарымен танысты. Ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ.

Ілияс Умаханов, РФ Федерация кеңесі төрағасының орынбасары:

- Біздің жұмыс тек дауыс беру кезінде саулау учаскелерін аралаудан тұрмайды. Парламентаралық ассамблея өкілдері жалпы саулау кампаниясының жүру барысы мен ұйымдастыру жағына сараптама жасайды.

Хабар 24 телеарнасы