378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді

  • 171
  • UPD: 12:04, 09.06.2019

Ел президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.

Кейін отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз конференциясын өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев барған сайлау учаскесі елорда бойынша ең үлкені. Мұнда 2 жарым мыңнан астам дауыс беруші тіркелген. Соның мыңнан астамы осы сәтке дейін өз таңдауын жасап үлгерді. Үміткер бүгін еліміз үшін аса маңызды күн екенін атап өтті. «Себебі, сайлау – жарқын болашаққа бастайтын жол әрі үлкен мереке», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер:

- Бүгін еліміз үшін ерекше тарихи күн. Азаматтарымыз өз конституциялық құқығын пайдаланып сайлауда дауыс беруде. Бұл – халқымыздың жарқын болашағы үшін жасайтын таңдауы. Сайлау бұл үлкен мереке. Сайлау – бұл кандидаттардың ел болашағы үшін жасалатын ұсыныстары мен бағдарламаларының бәсесеге түсетін додасы. Еліміздің басты құндылығы – татулық, бірлік, ынтымақ. Сондықтан қай кезде де басты құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Бүгінгі бәсекенің заңға сәйкес демократиялы түрде өтетініне сенім білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы