387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әкімі алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады

  • 331
  • UPD: 10:08, 09.06.2019
Елорда әкімі алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Астана концерт залында орналасқан № 138- сайлау учаскесінде дауыс берді. Концерт залында екі сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Барлығы 6000 сайлаушы тіркелген. Дауыс беруге келген шаһар басшысы сайлаушылармен және байқаушылармен пікір алмасып, сөйлесіп те үлгерді. Жалпы елордада 239 учаске жұмыс істеп тұр. Оның 35-і жабық учаскелер. Бас қалада 600 мың сайлаушы тіркелген. Қала әкімі бүгін сайлаушылар үшін қолайлы жағдай жасалғанын айтты.

Бақыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Бүгін сайлау учаскелері таңертеңнен жұмыс істеп тұр. Сайлаушылар үшін қолайлы жағдай жасалды. Қоғамдық көлік тегін жүріп тұр. Мерекелік шаралар, концерттер ұйымдастырылды.

Хабар 24 телеарнасы