386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда тергеліп жатқан азаматтар дауыс берді

  • 273
Петропавлда тергеліп жатқан азаматтар дауыс берді

Петропавл қаласында ЕС 164/1 тергеу изоляторында қамауда отырған азаматтар да өз таңдауын жасады.

Бұл мекемеде 656 жабық сайлау учаскесі орналасқан. Саяси науқанға барлығы 112 тұтқын қатысты. Сотқа дейінгі абақтыда ұрлық, есірткі саудасы, адам өлтіру секілді ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша тергеліп жатқан тұлғалар отыр. Олар таңғы 7-ден бастап айдауылдардың қадағалауымен топ-топпен келіп дауыс берді. Бұл уақытта изоляторда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Данияр Харіпов, СҚО бойынша ҚАЖД ЕС 164/1 мекемесінің басшысы:

- Біздің мекемеде жабық сайлау учаскесі ұйымдастырылған. ҚР сайлау заңына сәйкес дауысын тек қана сот үкімдері заңды күшіне енбеген адамдар дауыс бере алады.

Хабар 24 телеарнасы