382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның Тұңғыш Президенті өз таңдауын жасады

  • 153
  • UPD: 14:56, 09.06.2019

Бүгін отандастарымыз тек президентті сайламайды, тұрмысы мен тағдырын жақсарту үшін маңызды таңдау жасайды.

Елордадағы №58 сайлау учаскесінде дауыс берген Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Елбасы бұл жолғы саяси доданың маңызы ерек екенін айтып, сәтті өтуін тіледі. Сондай-ақ халқымызға тек жақсылық әкелсін деген ниетін білдірді.

Айта кеткен жөн, №58 сайлау учаскесінде 3500 дауыс беруші тіркелген. Мұнда Елбасы бұған дейін өткен президент сайлаулары кезінде де келіп, өз таңдауын жасаған болатын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы:

- Бүгін барша Қазақстан халқы президент сайлауына қатынасып жатыр. Әр уақытта, әр елде мұндай сайлау деген тарихи шешім болып табылады. Халық үшін, ел үшін. Ел-жұрт мынау учаскелерге келіп, тек қана президентті сайламайды, өзінің тұрмысын, тағдырын, болашаққа деген үмітін көрсетеді. Мен білемін, біздің халқымыз, ел аман жұрт тыныш болса, еліміз өркендеп, өсе берсе, жақсылық болса, әр жанұяда еліміз өркендеген сайын халықтың әл-ауқаты жақсара берсе деген оймен. Биылғы сайлаудың мәнісі өз алдына басқа, өздеріңіз білесіздер, мен өкілеттілігімді тоқтатып, келесі буынға жол бердім. Ол – дұрыс. Бұл шешімді бүкіл әлем қолдап жатыр. Сондықтан бүгінгі сайлау сәтті өтсін, құтты болсын елімізге, жақсылығымызға дарысын деп тілек айтамын.

Хабар 24 телеарнасы