389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспихов дауыс берді

  • 328
  • UPD: 14:59, 09.06.2019

Кәсіподақтар атынан президенттікке ұсынылған Аманкелді Таспихов та өз таңдауын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада №111 сайлау учаскесінде дауыс берді. Жалпы бұл сайлау учаскесінде елорда бойынша 4661 сайлаушы тіркелген. Учаске ашылған бойда халық біртіндеп өз таңдауын жасап жатыр. Әрбір үміткердің сенімді өкілдері саяси науқанның өтуін бақылап отыр. Сайлау учаскесінде халықаралық ұйымдардан да байқлаушылар да жүр. Тек осы №111 учаскеде ТМД елдерінен 4, ал Еуропадағы Ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымынан 5 байқаушы тіркелген. Ал ел перзиденттігіне үміткер Аманкелді Таспихов жарымен бірге келіп дауыс берді. Сайлауалды үгіт-насихат кезінде үміткерге қолдау көрсеткен сенімді өкілдер мен кәсіподақ жекешілері де келді.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР Кәсіподақтар федарциясының төрағасы:

Адам нық кезекте тұр. Орын жоқ бұл не деген сөз. Халық көңілмен сайлауға келе жатыр. Бұл не себептен? Негізгі себебі біздің Қазақстанның азаматтарынада таңдау бар. Кімге дауыс берем дегенін сол 7 кандидаттың ішінен тауып алады. Солардың бағдарламасы көңілінен шыққан адамдарға дауыс бере алады.

Хабар 24 телеарнасы