388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылықтар: Головкин сияқты сайлауда да мықты жеңіске жетсін

  • 341
  • UPD: 11:12, 09.06.2019
Қарағандылықтар: Головкин сияқты сайлауда да мықты жеңіске жетсін

Қарағанды тұрғындары үшін бүгін қос мереке.

Бірі – президенттік сайлау болса, екіншісі – Генадий Головкиннің кезекті жекпе-жегі. Майқұдық ауданындағы №65 мектепте кезінде Гена білім алған. Ал бүгін мұнда екі бірдей сайлау учаскесі орналастырылды. Таңмен таласа тұрып дауыс беруге келген тұрғындар өз таңдауын жасап қана қоймай, спорт залға қойылған үлкен экраннан боксты тамашалады. Сайлау учаскесі төрағасының айтуынша, сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Жастардан бастап еңкейген қарияға дейін ерте келіп, дауыс беріп жатыр. 

Алма Тұяқова, қала тұрғыны:

- Бүгінгі күн ерекше күн, маңызды күн. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болып, әрқашан да осы келер ұрпақ, жас балапандарымыз бейбіт күннің астында, жарқыраған заманның астында өмір сүрсе екен деген ниетпен дауысымды беріп тұрмын. 

Ырысты Байдәулетова, қала тұрғыны:

- Головкин сияқты сайлауда да мықты жеңіске жетсін деп отырмын. Қазақстанымыздың туы көкте желбіресін. Сол үшін баламды ертіп таң атпай келіп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы