389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 24 мыңнан астам жас алғаш рет дауыс береді

  • 277
  • UPD: 11:24, 09.06.2019
Жамбыл облысында 24 мыңнан астам жас алғаш рет дауыс береді

Солардың қатарында егіздер Әсел мен Әнел де бар.

Қыздар жексенбілік демалысқа қарамастан саяси шараға бірінші болып келген. Екеуі де студент, болашақ аспаздар. Олар апалы-сіңлілі болғанымен, бүгін әрқайсысы өзі шешім қабылдап, таңдауын жасады. Айтуларынша, мемлекеттің келешегі әрбір тұрғынға байланысты. «Сондықтан бүгінгі саяси науқанға немқұрайлық танытуға болмайды», – дейді жастар.

Айта кету керек, аймақта 484 сайлау учаскесі тіркелген. Оның 117-сі Тараз қаласында орналасқан. Барлығы таңғы 7:00-ден  бастап қызу жұмыс істеп жатыр.

Әсел Мұстафина, қала тұрғыны:

- Осы саяси науқанға қатысқаныма қуаныштымыз. Біз үшін өте жауапты күн болды. Біздің болашағымыз осы сайлауға тікелей байланысты. Біз өз балашағымыз үшін және жастар жылы болғандықтан осы сайлауға келіп отырмыз. Мен барша жастарды осы сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Өйткені мен өз отанымның патриотымын.

Хабар 24 телеарнасы