389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Қарулы күштері сайлауға 100 пайыз қатысты

  • 323
  • UPD: 11:19, 09.06.2019
ҚР Қарулы күштері сайлауға 100 пайыз қатысты

Еліміздің әскери қызметшілері түгел дердік контституциялық құқығын қолданып, азаматтық таңдауын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери бөлімдердің аумағында 19 сайлау бөлімшесі орналасқан. Саяси науқанға 100% қатысқан Отан қорғаушылар әр дауыстың маңызды екенін атап өтті. ҚР Қарулы күштерінің өкілдері сайлауға отбасы мүшелерін ерте келген. Әсіресе, жас сарбаздар мен әскери оқу орындарының курсанттары белсенділік танытты

Дәурен Саламатов, курсант:

ҚР Президенті - Жоғарғы Бас қолбасшыны таңдау мен үшін зор жауапкершілік екенін білемін. Ол елінің қорғаушысы, батыр, шыншыл әрі еңбекке деген құштарылығы мол болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы