379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау күні астанада төрт әйел босанды

  • 110
  • UPD: 13:03, 09.06.2019

Сайлау күні елордадағы №2 көпбейінді аурухананың акушерлік бөлімінде 4 әйел босанды.

Дүниеге сәби әкелген аналар да дауыс беруден шет қалмайды. Себебі ауруханада №224 сайлау учаскесі жұмыс істейді. 291 сайлаушы тіркелген. Араларында алғаш рет дауыс бергендері бар. Сайлау барысын бірнеше байқаушы бақылып отыр. «Барлығы ережеге сәйкес», – дейді комиссия мүшелері. Бөлмесінен шыға алмайтын азаматшаларға жәшік жеткізіледі. Сондықтан мұндағы адамдардың бәрі де бүгін өз таңдауын жасай алады. 

Клара Бектұрсынова, сайлау комиссиясының мүшесі:

- Сайлау уческесінде 2 байқаушы отыр. Барлығы заңға сәкес өтіп жатыр. Осы кезге дейін 270 адам дауыс беріп үлгерді. Босанғандардың бөлмесіне өзіміз жәшік апарып, таңдау жасауларына мүмкіндік жасаймыз. Жалпы, барлығы бір адамдай белсенділік танытып жатыр.

Дарина Ахметжанова, қала тұрғыны:

- Бүгінгі менің үшінші рет болып жатқан сайлауым. Ерекше өтіп жатыр. Белсенділік танытып жатырмыз. Бұл болашаққа керекті маңызды қадам деп санаймыз.  

Хабар 24 телеарнасы