389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада дауыс берушілерге ыстық бауырсақ таратылды

  • 281
  • UPD: 12:18, 09.06.2019

Қызылордадағы дауыс беру барысын осы өңірдегі әріптесім Нұрлан Жақыпбеков баяндауға дайын.

№353 сайлау учаскесінде нағыз мерекенің ауаны байқалады. Қазақтың киіз үйі тігіліпті. Көңілді әуен аясында ыстық бауырсақтан дәм татуға болады. Ең бастысы, дауыс берушілердің қарасы қалың. Жалпы, Қызылорда облысы бойынша барлығы 366 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Оның 113-і облыс орталығында орналасқан. Сондай-ақ қала аумағындағы әскери бөлім, аурухана секілді мекемелерде 25 «жабық» сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Облыстағы сайлау барысын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен ТМД  байқаушылары да назарда ұстайды.

Айта кетейік, 490 мың 898 сырбойылық сайлауға қатысуға құқылы.

 

Хабар 24 телеарнасы