383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 461 мың тұрғын сайлауға қатыспақ

  • 82
  • UPD: 11:59, 09.06.2019
БҚО-да 461 мың тұрғын сайлауға қатыспақ

Биылғы жылдың басты саяси оқиғасы саналатын сайлауға батысқазақстандықтар да бейжай қарамайды.

Дауыс берудің алғашқы сағаттарында әдеттегідей ауыл халқы айрықша белсенділік танытса, қалалықтар да қарап қалып жатқан жоқ. Батыс Қазақстан облысында бүгін таңғы 7-де 519 сайлау учаскесінің есігі айқара ашылды. Өңірде 461 мың 482 сайлаушы өз таңдауын жасайды. Оның 236 мыңы облыс орталығы Орал қаласында тіркелген. Ерте тұрып, дауыс беруге елден бұрын келгендер қазақ халқының келешегі кемел болуын қалайды, ел тізгініне лайықты азаматтың ие болуын тілейді, сол үшін таңдау жасау азаматтық борышымыз деп біледі.

Тілекжан Рысқалиев, Орал қаласының тұрғыны:

- Бұл сайлаудың маңызы алдымызға үлкен міндеттер қойып отырмыз. Тәуелсіздігімізді алға бастыру керек, баянды етуіміз керек. Дамыған елдерге қарай қуып жетеміз деп жатырмыз.  Соған жаңадан басшы болып, еліміз бәріміз жұмылып, мемлекеттілігімізді нығайту керек, мемлекеттің қорғаны болуымыз керек. Сол үшін дауыс бердім.

Аяулым Талапова, Орал қаласының тұрғыны: 

- Бүгін өте қуаныштымын дауыс беруге. Себебі менің туған күнім сайлау күнімен сәйкес келіп тұр. Өйткені бүгін менің ең алғаш рет дауыс беруім. Бүкіл халық болып, ел болып сайлаймыз. Жастар болып, студенттер болып, еліміздің әрі қарай дамуына үлкен үлес қосамыз деген ниеттемін.

Хабар 24 телеарнасы