379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқаушылар шалғай елді мекендердегі сайлау учаскелеріне жоғары баға берді

  • 121
  • UPD: 13:08, 09.06.2019

Сайлау комиссиясының мүшелері мен байқаушылар шалғай елді мекендердің саяси науқанға әзірлігін талапқа сай деп жоғары бағалаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің барлық аймақтары мен аудан, ауылдық жерлерде кезектен тыс президент сайлауына әзірлік тыңғылықты жүргізілді. Дауыс беру орындарында мүмкіндігі шектеулі жандардың еш кедергісіз, ешбір қиындықсыз сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын білдіруі үшін түрлі бейне, аудио құралдар қойылды. Еріктілер де жауапты кезде көмекке келіп, атсалысып жүр. Науқанның қалыпты жағдайда өтуін қамту үшін қауіпсіздік жағы да басты назарға алынып отыр. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Түркістан облысына қарасты Шардара ауданы саяси науқанға дайындықты тыңғылықты жүргізді. Ауданда 28 сайлау учаскесі бар. Оның ішінде екеуі жабық сайлау орнына жатады. Бұл дауыс беру орындарында 216 комиссия мүшесі жұмыс жасауда. Шардаралық 45 мыңға жуық азамат өз таңдауын жасайды. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 2197 адам. Сайлауды талапқа сай өткізуге барлық жағдай қарастырылған. Автокөлік тұрағынан бастап, дауыс беретін орынның өзі қоларбамен емін-еркін кіріп шығатындай кең етіп жасалды.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында саяси науқан күні қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін 800-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары маусымның 7-інен бастап күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде.

Аймақтардағы сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге қолайлы жағдай жасалған. Мәселен, Семейдегі тұрғындар үшін сайлау учаскелерінде ауа баптағыштар қойылған. Сондай-ақ таза ауыз сумен де қамтылған. Ал егер мекен жай анықтамасы сынды шұғыл құжаттар қажет бола қалған жайдайда тиісті мамандар көмекке келіп, тез арада электронды портал арқылы құжатын алдыртып береді.

Гүлқайыр Балбаева, Шанхай ынтымақтастық ұйымы байқаушылар миссиясының мүшесі:

- Сайлау учаскесі науқанға дайын. Келіп дауыс беретін халық үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті көшпелі жәшіктер де бар, бұл үйінен келе алмайтын жандар үшін өте маңызды. Халықаралық байқаушы ретінде айтарым, сайлауға дайындық шаралары барлық талаптарға сай жүргізілген.

Жамбыл облысындағы барлық аудандар мен ауылдық елді мекендерде 484 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Аймақта 717 мыңға жуық адам дауыс береді деп күтілуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қамтылуына ерекше көңіл бөлініп отыр. 32 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі тұрғын дауыс беруге құқылы. Барлық учаскелерде 100% пандус қарастырылған. Сонымен қатар 1 мыңға тарта ерікті тартылады. 5421 адам өздігінен жүріп тұра алмайтын азамат. Олар үшін жылжымалы сайлау учаскелері жұмыс істейді.

Сондай-ақ Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында 35 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Соның екеуі Басқұдық ауылдық орта мектебінде орналасқан. Бейнебақылау камерасы бар әр учаске алты кабинамен жарақтанған. Бірі мүмкіндгі шектеулі азаматтарға арналған. Олар дауыс беру алдында компьютер және құлаққап жабдығы қойылған үстелге жақындап, өзі таңдаған кандитат жөнінде ақпаратпен таныса алады. Жалпы Маңғыстау өңірі бойынша бас-аяғы 223 сайлау учаскесі тіркелген.

Гүлжан Асамадинова, №218 сайлау учаскесінің төрағасы:

- Өзіміздің нақтылауымыз бойынша 2716, бұдан басқа тысқары келгендерді өзін өзіне қызмет ету бұрышы бар. Біз бес минут ішінде нақтылап ол кісілердің де дауыс беруіне мүмкіндік береміз.

 

Хабар 24 телеарнасы