379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәния Еспаева дауыс беруге сенімді өкілдерімен және туыстарымен бірге келді

  • 145
  • UPD: 15:01, 09.06.2019

«Ақ жол» партиясынан президенттікке ұсынылған Дәния Еспаева да елордадағы №113 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Ол №66 мектепте орналасқан сайлау учаскесіне сағат 11-лер шамасында сенімді өкілдерімен және туыстарымен бірге келді. Дауыс беріп болған соң журналистерге  сайлауалды науқанының қалай өткені туралы айтып, сайлаудан қандай нәтиже күтетіні жайындағы ойларымен де бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Дәния Еспаева – ел тарихындағы мемлекет басқаруға кандидат ретінде ұсынылған алғашқы әйел. Ал ол дауыс берген №113 учаскесінде 3 мыңға жуық  сайлаушы тіркелген.

Дәния Еспаева, ҚР президенттігіне үміткер:

- Біз бүгін болашағымызды сайлап жатырмыз. Өзімнің штабыма, әріптестеріме үлкен алығысымды айтқым келеді. Бір айдың арасында үгіт-нсихат жүргізу, сайлау компаниясын жүргізу өте қиындау. Бірақ бәрі дұрыс өтті деп ойлаймын. Апамыз келді, менің әріптесім келді. Олар мені қолдау үшін келіп отыр. Сайлаудан менің үмітім – жеңіс.

Хабар 24 телеарнасы