384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сәді-Бек Түгел: Сайлау - ел дамуын жаңа сатыға көтеретін маңызды оқиға

  • 115
  • UPD: 14:57, 09.06.2019

Бүгін Қазақстан президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел № 136 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, бұл ұлт тағдырын айқындайтын, ел дамуын жаңа сатыға көтеретін маңызды оқиға. Кандидат дауыс беруге отбасымен келген. «Немерелерім сайлаудың ел үшін қаншалықты маңызды екендігін қазірден бастап саналарына түйіп өсулері қажет», - дейді. Сонымен қатар аса маңызды таңдау жасайтын тарихи сәтте халықтың жаппай белсенділік танытуы ерекше қуантатындығын атап өтті.

Сәді-Бек Түгел, «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президент сайлауына кандидат:

- Мен бүгін байқап тұрмын, сайлаушылар ағылып келіп жатыр, тіпті орын жоқ. Халық керемет белсенділік көрсетуде. Бұл нені көрсетеді? Азаматтардың бойында еліне, халқына, мемлекетіне деген патриоттық сезімдерін көрсетеді. Міне, осының бәрі менің жүрегімді қуанышқа кернеп тұр.

Хабар 24 телеарнасы