382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төлеутай Рақымбеков өз таңдауын жасады

  • 116
  • UPD: 15:03, 09.06.2019

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан саяси науқанға қатысып жатқан кандидат сайлау учаскесіне жұбайымен, балаларымен және немерелерімен келді.

Төлеутай Рақымбеков дауыс берген №52 сайлау учаскесі елордадағы ұлттық музей ғимаратында орналасқан. Үміткер таңдауын жасағаннан кейін журналистерге сұхбат беріп, бұл жолғы саяси доданың ерекшелігіне тоқталды. Бұған қоса ол еліміздің болашағы үшін елеулі рөл атқаратынына да тоқталды.

Төлеутай Рақымбеков, ҚР президенттігіне үміткер:

- Енді осы халықтың жанайқайын еститін, елімізді кемелді келешекке жетелейтін, лайықты халық қалаулысы ел билігіне келсін. Сайлауымыз әділетті өтсін деп тілеймін. Барлығына жақсылық тілеймін. Әр Қазақстанның азаматы бүгін сайлау учаскелеріне келіп, жүрегімен таңдауды дұрыс жасауға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы