386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде сайлаушылар арасында сауалнама жүргізілуде

  • 331
  • UPD: 13:25, 09.06.2019
Семейде сайлаушылар арасында сауалнама жүргізілуде

Семей халқы өз таңдауын жасап, дауыс беріп жатыр.

Сондай-ақ учаскелердің алдында Экзит-пол-2019 шарасы да өтуде. Әлеуметтік сауалнаманы «Қоғамдық пікір» зерттеу инстиутының өкілдері жүргізуде. Оның мақсаты – сайлаушылардың кімге дауыс бергенін жедел анықтау. Ерікті болып саналатын сауалнаманы 300 маман жүргізіп, ел бойынша 13 мың адамның пікірін білу көзделген. Алғашқы нәтижелері бүгін түн ортасында жарияланады деген жоспар бар.

Алуа Сабалақова, «Қоғамдық пікір» институтының өкілі:

- Экзит-пол барлық демократиялық елдерде жүргізіледі. Ол тек бүкіләлемдік тәжірибеде өткізілетін негізгі процесс. «Қоғамдық пікір» институты 5 жылдан астам қызметін атқарып жүр. Экзит-пол-ға бірінші рет емес, бірнеше рет қатысып жүр. Сонымен қоса осы Экзит-пол-ға қатысатын азаматтардың барлығының тәжірибесі бар.

Хабар 24 телеарнасы