384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстауда 223 сайлау учаскесінде дауыс беру жүріп жатыр

  • 462
  • UPD: 15:10, 09.06.2019

Маңғыстау облысындағы 223 сайлау учаскесінің барлығы да таңсәріден есігін айқара ашты.

Оларға дауыс беру уақыты аяқталғанша 390 мыңнан астам тұрғын келеді деп күтіліп отыр. 74 сайлау учаскесі Ақтауда орналасқан. Сондай-ақ өңір бойынша жабық түрдегі 15 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Жетеуі – әскери бөлімде, екеуі – медициналық мекемеде, бірі – тергеу изоляторында, қалғаны мұнай мен газ кенішінде ашылған. Бүгін маңғыстаулық шекарашылар жылжымалы дауыс беру қызметі арқылы өз таңдауын жасайды. Бортында өңірлік сайлау комиссиясының мүшелері бар тікұшақтар қазақ-түрікмен шекарасы мен Құлалы аралына ұшады. Ал жауынгерлік кемелер теңіз айлағына аялдап, теңізшілер сол жердегі жәшікке бюллетень салады.

Айта кетейік, сайлау күні облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін инва-таксилер қызмет көрсетеді.

Сайын Ғалидуллин, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Сайлаушылардың келу қарқыны жақсы. Келіп жатыр, дауыс беріп жатыр. Белсенділігі үлкен деп айта аламыз. Биылғы сайлаудың ерекшелігі – мүгедек сайлаушылар үшін көптеген жағдайлар жасалып отыр. Учаскелерге кіреберісте арнайы пандустар ұйымдастырылған. Маңғыстау облысында 5319 мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар тіркелген. Солардың барлығына жағдай жасалып отыр.

Хабар 24 телеарнасы