384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 101 жастағы кейуана сайлау учаскесіне барып дауыс берді

  • 106
  • UPD: 15:08, 09.06.2019

Биылғы сайлау халықтың белсенділігімен ерекшеленіп отыр. Кей аймақтарда қариялар таң атпай дауыс беріп, халыққа үлгі көрсетіп жатса, енді бір өңірде өнер мен спорттағы жастар өздерінің азаматтық міндеттерін атқарғандарын бір-біріне жолдауда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті әлеуметтік желілер де жарыса бөлісіп жатыр. Ақмола, Атырау және Қостанай облыстарындағы ертемен дауыс берген ерекше жандар жайлы тілші материалында.

Дамир Берікұлы, тілші:

- 101 жастағы атыраулық Балзиба Зәкәрияқызы бүгін ел қатарлы сайлауға келді. Зейнеткер 1937 жылдан бері саяси науқандарға үзбей қатысып келеді. Бүгінде жасына қарамастан өзінің азаматтық міндетін атқарып, таңдаған кандидатына дауыс беріп, сайлау учаскесіне келген көпшілікке, еліміздің тыныштығы үшін батасын берді. Жалпы мұнайлы өлкеде 410 мың адам дауыс беруге құқылы. Олардың ішінде еліміздің өзге өңірлерінен келген жұмысшылар да бар.

Балзиба Мәжитова, қала тұрғыны:

Е, Алла қабыл ет, абыройлы қыл, аман болыңдар. Дендеріңе саулық, амандық тілеймін. Оттарыңның басын тыны болғанын, бірлік болғанын қалаймын. Жұмыста жақсы болыңдар, абыройлы болыңдар, бақытты болыңдар, ұрпақтарың өсе берсін, менің жасымды берсін.

Ал ақмолалық Бағдат əжей өзінің сайлау бөлімшесіне ең бірінші болып келді. Белсенді зейнеткер таңғы 6:30-дан бері осында отыр. Айтуынша, бүгінгі күн ең алдымен келешек ұрпақ үшін өте маңызды. Сондықтан ертерек дауыс беруге асыққан.

Бағдат Рысбекова, ауыл тұрғыны:

Бұл Президент сайлау күніне әдейі өзімнің сенімімді, таудаңымды жасауға әдейі ерте келіп отырмын. Бұл сайлаудың маңызы өте зор. Еліміздің, халқымыздың келешегін, болашағын, құрметті жастарымыздың, бәріміздің үмітімізді, сенімімізді ақтайтын халқым деп, елім деп еңірейтін президентімізді сайлауға арнайы келіп отырмын.

Қостанайлық сайлаушылар да бөлімшелер ашыла сала белсенділік танытты. Айналасы үш сағаттың ішінде олардың 12%-і өз таңдауларын жасап үлгірген. Таң алакеуімнен дауыс беруге асыққандардың арасында елімізге белгілі тұлғаларда аз емес. Солардың бірі қысқы паралимпиадалық ойындарының жеңімпазы Александр Колядин. Әдеттегі таңғы жаттығудан соң ол бірден сайлау уаскесіне келген.

Александр Колядин, Паралимпиада ойындарының чемпионы:

Қазақстан азаматы ретінде өз құқымды пайдаланып, сайлау учаскесіне дауыс беруге келіп тұрмын. Бұл әркімнің міндеті. Таңдаған үміткерім бар. Және ол менің, жалпы халықтың артқан үмітін ақтайтындығына сенімім зор.

Жалпы биыл еліміздегі сайлау бөлімшелерінде сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін кіріп шығуы үшін сайлау учаскелері ғимараттардың бірінші қабатына жайғасқан. Əрі жарымжандар үшін бөлек кабиналар қойылған. Ал барлық келушілер үшін тегін концерттер ұйымдастырылып жатыр.

Авторы: Дамир Берікұлы

Хабар 24 телеарнасы