384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 400-ден астам болашақ ұшқыш алғаш рет сайлауға қатысты

  • 44
  • UPD: 14:46, 09.06.2019
Ақтөбеде 400-ден астам болашақ ұшқыш алғаш рет сайлауға қатысты

Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институты курсанттары да саяси науқанға белсенді атсалысып жатыр.

Ертемен оқу орнының жатақханасынан шыққан жастар №1 мектепте орналасқан сайлау учаскесіне бет алды. Жалпы, білім ордасының 1700 өкілі бүгін дауыс берді. Саламат Бүккарин 3 курсты тәмамдауға жақын. Екі жыл бұрын кәмелет жасына жеткен ол азаматтық міндетін орындауға алғаш рет келген. «Дауыс бермес бұрын президенттікке үміткерлердің еңбек жолы мен бағдарламасын оқып шықтым», – дейді. Үміт артқан саясатшысы елімізді жаңа белестерге жеткізетіндігіне сенімді.

Саламат Бүккарин, Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институтының курсанты:

- Қазақстан Республикасы Президенті және Жоғарғы Бас қолбасшысын таңдау мен үшін зор мәртебе. Менің даусым жерде қалмайды деп ойлаймын. Және де мен сияқты барлық қазақстандықтар дауыс беретін болса, олардың таңдаған президенті және Жоғарғы бас қолбасшысы қалаулы ел басшысы болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы