378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО жастары қатарластарын сайлауда дауыс беруге шақырды

  • 60
  • UPD: 13:38, 09.06.2019
ШҚО жастары қатарластарын сайлауда дауыс беруге шақырды

Шығыс Қазақстан облысында да сағат 12:00-дегі көрсеткіш бойынша сайлаушылардың 44,8 проценті дауыс берген.

Әсіресе шалғайдағы Курчатов, Ұлан, Үржар, Абай сынды аудандардағы халық ерекше белсенділік танытып отыр. Облыс орталығында да сайлауға қатысушылар қарқыны да жақсы. Өскемендік жастар өздерінің конституциялық құқықтарына үлкен жауапкершілікпен қарап отыр. Өйткені әрбір дауыс берудің ел болашағын таңдау үшін маңызы зор екенін өскелең ұрпақ жақсы түсінеді. Алғашқылардың бірі болып дауыс бергендердің бірі – Бағжан Мұратханова.

Бағжан Мұратханова, қала тұрғыны:

- Келешек біздің қолымызда болғандықтан, келешек Қазақстан біздің қолымызда болғандықтан, жастарға айтарым, үйде жатпаңыздар, келіңіздер, дауыс  беріңіздер, болашақ Қазақстанды біз өз қолымызбен жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы