378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында сайлаушылардың 45 проценті өз таңдауын жасады

  • 76
  • UPD: 15:11, 09.06.2019

Алматы облысының халқы да сайлауға белсене қатысып жатыр.

Бүгін өңірдегі 1 млн 400 мыңнан астам адам өз таңдауын жасамақ.

Алматы облысында 1040 сайлау учаскесі қызу жұмыс істеп жатыр. Онда таңертеңнен бері сайлаушылар саны толастаған емес. Түске дейінгі уақыттың өзінде өңір тұрғындарының 45 проценті дауыс беріп үлгерді. Әскери саладағылар мен ауруханада жатқан науқастар да саяси науқаннан қалыс қалған жоқ. Яғни емдеу-сауықтыру орталықтарында 13 сайлау учаскесі ашылып отыр. Соның біреуі Талдықорғандағы көпсалалы ауруханда орналасқан. Сол мекемедегі 200-ден астам емделуші ем-домын үзбей, сыртқа шығып әуре болмай-ақ өз таңдауын жасады. Арбаға таңылған жандар дәрігерлер көмегімен келсе, төсек тартып жатқандарға сайлау комиссиясының өкілдері өздері барды. 

Шәйімбөбе Стамбахинова, қала тұрғыны:

- Ауруханада жатқаныма бір апта болды. Оң аяғым мен жамбасым ауырды. Сол үшін осында келдік. Үйде болсам, бара алатын ба едім, бір Құдай біледі. Ал мұнда дәрігерлер бәрін түсіндірді, айтты. Дауыс бердім.

Сәуле Құсмолданова, №1012 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы:

- Бізде алты науқас реанимацияда жатыр. Соларға да жәшікті апарамыз. Олар да дауыс береді.

Авторы: Шыңғыс Қалиден

Хабар 24 телеарнасы