389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда түзеу мекемесіндегі айыпталушылар дауыс берді

  • 221
  • UPD: 13:41, 09.06.2019
Қарағандыда түзеу мекемесіндегі айыпталушылар дауыс берді

Қарағандыдағы АК 159/1 түзеу мекемесінің ұстау изоляторына қамалған айыпталушылар да бүгін сайлауға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бұған дейін әр үміткердің бағдарламасымен мұқият танысып шыққан. Камераларға арнайы ақпараттық парақшалар таратылыпты. Тек түске дейін №94 жабық сайлау учаскесінде 300-ге жуық адам дауыс беріп үлгерді. Оларға қатысты сот шешімі шықпағандықтан, заң бойынша сайлауға қатысуға құқылы екен.

Еркебұлан Сүлейменов, дауыс беруші:

Бағдарламасымен танысып, ішінде өзіме ұнаған кісіге дауысымды бердім. Халыққа аянбай қызмет етіп, Отанымызды тек биік шыңдардан көрсетуге тілектеспін.

Хабар 24 телеарнасы