387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік хатшы дауыс берді

  • 324
  • UPD: 13:42, 09.06.2019
Мемлекеттік хатшы дауыс берді

Елордадағы №111 сайлау учаскесінде ел азаматтарының қарасы қалың.

Өз таңдауын жасауға келген сайлаушылар арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері де бар. Сағат 12-ден кейін Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин де осы учаскеде дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан учаскеде түске дейін сайлаушылардың ширегі дауыс беріп үлгерген. Мұнда халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдігі де жұмыс істеуде. Қалаға уақытша тіркелген ел азаматтары осы жерге келіп, мекенжай анықтамасы арқылы өз дауысын бере алады. 

Хабар 24 телеарнасы