384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау-2019: Жамбыл облысында ереже бұзушылық байқалған жоқ

  • 475
Сайлау-2019: Жамбыл облысында ереже бұзушылық байқалған жоқ

Ел өңірлерінде Президент сайлауы жүріп жатыр.

Жамбыл облысында қазіргі уақытқа дейін сайлаушылардың басым бөлігі дауыс беріп үлгерген.

Жамбылдық тұрғындардың белсенділігі өте жоғары. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беруге келіп жатқан жұрттың қарасы қалың. Ал келмегендер негізінен өздігінен жүріп-тұра алмайтын жандар. Өңірде мұндай 5 мыңнан астам адам тіркелген. Олардың үйлеріне комиссия мүшелерінің өздері барады. Яғни арнайы жылжымалы сайлау учаскелері ұйымдастырылған. Бұл жұмыс қазір басталып кетті. Айта кету керек, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарт адамдарға жәрдемдесуге 1000-ға тарта волонтер тартылып отыр.

Біз қазір Тараз қаласындағы Жамбыл политехникалық колледжде орналасқан №464 сайлау учаскесінде тұрмыз. Мұнда жергілікті халық таңғы сағат 7:00-ден бастап келе бастады. Жұрт шетінен кіріп таңдау жасауда. Сайлау қалыпты деңгейде өтіп жатыр.

Жалпы, біз тұрған учаскеде 3 мыңға жуық адам тіркелген. Түске дейін азаматтардың дені өз дауысын беріп кетті деуге болады. Тұрғындар әлі де келіп жатыр. Ал облыста сайлау кампаниясына 27 халықаралық байқаушы келген. Оның 16-сы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері. ТМД елдерінен 10 байқаушы жүр. Меймандар сайлау барысына қатысты өз пікірлерін білдіріп жатыр.

Жалпы, бүгін Жамбыл облысында 484 сайлау учаскесінде сайлау өтіп жатыр. Бұл учаскелер кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық тұрады. Облыстан кезектен тыс президент сайлауына бас-аяғы 717 мыңға тарта тұрғын қатысады деп күтілуде. Әзірге ешқандай заң, ереже бұзушылық байқалған жоқ. 

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы