384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапониядағы қазақстандық азаматтарының 80% дауыс берді

  • 286
  • UPD: 15:12, 09.06.2019

Жапониядағы уақыт сағат 16:00-ден асты. Токиодағы «Хабар 24» тілшісінің мәліметі бойынша сайлау учаскесінде мерекелік көңіл-күй орнаған.

Мұндағы Қазақстан азаматтары Геннадий Головкин мен Стив Роллстың жекпе-жегін тамашалауға мүмкіндік алды. Сайлау процесіне тоқталар болсақ, осы уақытқа дейін дауыс берушілердің 80% өз таңдауын жасап үлгерді. Күншығыс елінде жүрген қазақстандықтардың сайлауға қатысу белсенділігі өте жоғары. Оған қоса, Токиодағы сайлау учаскесінде тәуелсіз байқаушылар жұмыс істейді.

Олардың айтуынша, дауыс берушілер мен учаскелік комиссия мүшелерінің тарапынан заңбұзушылық дерегі тіркелген жоқ. Ал Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісінің мәліметі бойынша Жапониядағы қазақ жастары жоғары белсенділік танытуда.

Хабар 24 телеарнасы