387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тақиялы періште» сайлауға алғаш рет 1955 жылы қатысқан

  • 598
  • UPD: 15:19, 09.06.2019

«Тақиялы періште» кинофильмінде Тайлақтың рөлін сомдаған Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Алматы облысының құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков өзі бекітілген сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп дауыс берді.

Ақсақал 1955 жылы алғаш рет сайлауға қатысыпты. «Содан былайғы уақытта өткен бірде-бір саяси науқанға келмей қалған кезім жоқ. Өйткені туған елінің көркейіп, гүлденуін, халықтың бақуатты өмір сүруін қалайтын адам үшін бұл өте маңызды күн. Оған қатысу әрбіріміздің азаматтық борышымыз», – дейді ол. Ақсақалдың бүгінде 10 баласы, 30-дан астам немересі мен шөбересі бар.

Әлімғазы Райымбеков, Алматы облысының құрметті азаматы:

- Бұл азаматтық борышымыз. Сондықтан басымызды біріктіріп, осындай берекелі ел болуға Алла нәтіп етсін. Дамыған мемлекеттермен тереземіз тең болса екен деген ойым бар. Ертерек барып, дауысымды берейін, азаматтық борышымды өтейін деп келіп дауыс бердім.

Хабар 24 телеарнасы