388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар Ресейдің 5 қаласында дауыс бере алады

  • 260
  • UPD: 15:19, 09.06.2019

Ресейдегі Қазақстан азаматтары үшін 5 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Оның бірі Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде болса, қалғандары Астрахань, Омбы, Санкт-Петербург пен Қазан қаласының елшілігінде орналасқан. Дауыс берушілер төлқұжаттарымен келіп өз таңдауын жасауға құқылы.  Мәскеудегі №265 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7-ден бастап ашық. Чистопрудный бульварында орналасқан ғимараттағы науқан байқаушылардың жіті наразарында. Ал тұңғыш рет дауыс беруге келгендерге арнайы стикерлер ұсынылды.

Ярослав Степанов, тұңғыш рет дауыс беруші:

- Ең алдымен, бұл – біздің азаматтық борышымыз. Ел болашағы біздің қолымызда. Лайықты үміткерді таңдау аса жауапты іс. Сондықтан барлық жастарға айтарым, сайлауға бір адамдай жұмылу қажет.

Хабар 24 телеарнасы