389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент сайлауы халықаралық ұйымдардың жіті назарында

  • 243
  • UPD: 15:28, 09.06.2019

Қазақстандағы президенттік сайлаудың барысын Женевада да бақылап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемдік дипломатияның орталығы деп танылған шаһарда 37 халықаралық ұйым мен құрылым, 178 елдің өкілдігі, 3 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым орналасқан. Халықаралық қауымдастықтың басты назарды неге аударып отырғаны туралы келесі материалымызда.

Сайлау өткенді қорытындылап келешек дамудың басымдықтарын анықтайтын кезең. Қазақстанның прагматизм мен көп қырлы сыртқы саясатқа негізделген халықаралық ұстанымы жемісті болғанын көрсетіп отыр. Мемлекет маңызды міндеттерді шешуде басты ойыншыға айналды. Оған Еуразиялық экономикалық интеграциядан бастап Еуроодақ, АҚШ, Қытай және өзге елдермен стратегиялық әріптестігі дәлел.

Давид Чикваидзе, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің бас директоры хатшылығының жетекшісі:

Қазақстан осы жылдар аралығында нығайып, көп жетістікке жетті. Аймақтық және халықарлық деңгейде беделді мемлекетке айналды. Бұл үрдіс елдің ядролық қарудан бас тартуынан басталып, жемісті дамыды. Ол мемлекеттің сындарлы, байыпты ұстанымын көрсетеді. Қазақстан әр істе көшбасшы болып келеді. Бұрынғы кеңес одағы елдері арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына бірінші төрағалық еткен, БҰҰ Қауіпсіздігінің алғаш мүшесі болған мемлекет.

Халықаралық электробайланыс одағының бас хатшысы Хоулинь Чжаоның пікірінше, Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік мол. Ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің одан әрі дамуына озық ақпараттық технологияның қажеттігін айтады.

Хоулинь Чжао, халықаралық электрбайланыс одағының бас хатшысы:

- Қазір қазақстандықтар жаңа мемлекет басшысын таңдап жатыр. Қазақстан әлемге биліктің қалай ауысуы керектігінің үлгісін көрсететініне сенімдімін. Өтпелі кезең бейбіт, тұрақты жүріп жатқанына қуаныштымыз. Сайлауға бірнеше үміткердің қатысуы демократиялықты байқатады. Сіздерге табыс тілеймін.

Халықаралық ұйымдар жетекшілерінің айтуынша, Қазақстанмен ынтымақтастық түрлі салада қарқындап дамып келеді. Сарапшылар осы орайда серіктестік барлық тарапқа тиімді бола беретініне сенімді.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы