389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы әкімі азаматтарды таңдау жасауға шақырды

  • 213
  • UPD: 16:40, 09.06.2019

Бүгін әр қазақстандық тұрақтылық пен даму үшін өз таңдауын жасайды.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Бостандық ауданындағы №235 сайлау учаскесіне барып дауыс берді. Еліміздің болашақта дамуына Алматы тұрғындары да бейжай қарамайды деген әкім азаматтарды таңдау жасауға шақырды.

Айта кетейік, Алматыда 554 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Шетелден келген 80-нен аса байқаушы мегаполистегі сайлау барысын бақылауда.

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

- Әрбір адам өзінің болашағы үшін дауыс береді. Барлық сайлаушыларды, алматылықтарды сайлау учаскелеріне шақырамын. Еліміз бірге болса, елімізді қолдасақ, өз таңдауымызды жасасақ, онда болашақта қаламыз, мемлекетіміз одан әрі дами береді.

Хабар 24 телеарнасы