389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда 125 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

  • 278
  • UPD: 15:59, 09.06.2019
Оралда 125 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр juldyz.kz

Батыс Қазақстан облысында дауыс беру 519 сайлау учаскесінде жүріп жатыр.

Аймақ тұрғындары сайлау учаскелеріне таңертеңнен бастап келіп, өз таңдауларын жасауда. Айта керу керек, облыс бойынша 461 468 адам сайлаушы ретінде тізімге енгізілген. «Сайлаушылардың белсенділігі өте  жоғары. Тек облыс орталығының өзінде 125 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру үдерісі заң талаптарына сай жүріп жатыр», – дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері. Сайлаушылардың қатарында кәмелеттік жасқа енді ғана толған студент жастар мен есімдері елге белгілі шығармашылық өкілдері де бар.

Назгүл Шелбай, М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті:

- Мен жеке куәлігімді кеше ғана алдым, осы төрт-бес ай көлемінде. Сайлау болады деп естігеннен кейін сайлауға дауыс беруге асықтым.

Ақұштап Бақтыгереева, ақын: 

- Мен осы елдің саналы, жауапты азаматы ретінде, ана ретінде балалардың болашағы үшін, елімнің ертеңі үшін барлық сайлауға қатысамын. Өз дауысымды беремін. Өйткені ол біз үшін қажет, болашақ үшін қажет.  

Хабар 24 телеарнасы