389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы президенттік сайлау барысын шетелдік 30 байқаушы бақылап отыр

  • 210
  • UPD: 16:59, 09.06.2019

Қарағанды облысында 787 сайлау учаскесі бар, саяси науқанға аймақтан 930 мыңнан астам дауыс беруші қатысады деп күтілуде.

Қазір біз кеншілер сарайында орналасқан №17 сайлау учаскесінде тұрмыз. Мұнда 2390 дауыс беруші тіркелген, оның 300-ден астамы жастар, бүгін олар алғаш рет азаматтық таңдауын жасады. Жалпы, кеншілер қаласының сайлаушылары саяси науқанға белсенділік танытып жатыр.

Айта кету керек, мүмкіндігі шектеулі адамдарға азаматтық таңдауын жасауға барлық жағдайлар жасалған. Бүгінде аймақта 37 мың мүмкіндігі шектеулі сайлаушы бар. Олар таңертеңгі сағат 7-ден бастап дауыстарын беріп жатыр.

Ерқара Аймағамбетов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бірталай учаскелерде болып қайттым, барлығы дұрыс өтіп жатыр. Барлығында байқаушылар отыр, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдардан. Заң бұзушылықтар жоқ. Шағым түскен жоқ, сайлау комиссиясына шағым түскен жоқ.

Қарағанды облысындағы президенттік сайлау барысын 30 шет ел байқаушысы бақылап отыр. Олардың көбі ТМД елдерінен келген. Шетелдік байқаушылар Қазақстан Республикасының заңы бойынша сайлау күні дауыс беру басталысымен сайлау учаскесінде дауыстарды есептеу аяқталғанша болуға құқылы.

Естеріңізге сала кетейін, сайлау учаскелері кешкі 20:00-ге дейін жұмысын жалғастырады. Одан кейін дауыстарды есептеу басталады. Заң бойынша есептеу барысы 12 сағаттың ішінде аяқталуы тиіс.

Авторы: Айнұр Әбдиева

Хабар 24 телеарнасы